Ұлттық құндылықтарды дәріптеу – бұл тек білім беру ғана емес, болашаққа бағыт-бағдар көрсету. Сондықтан қазір мектепке дейінгі ұйымдарда балалар қабілетін қазақтың ұлттық құндылықтары арқылы дамытуға көп көңіл бөлініп жатыр. Шу ауданындағы бөбекжай бақшада ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған кеш өтті. Бүлдіршіндер салт-дәстүрден қойылымдар қойып, өнерлерін ортаға салды.

250 орынға арналған «Әсия-әлемі» бөбекжай балабақшасында бүгінде 350 бала тәрбиеленуде. Балабақшада қазақы нақышқа, дәстүрге көп көңіл бөлінген. Салт-дәстүрлерді насихаттап бала бойына сіңіруде тәрбиешілер жұмыс атқарып келеді. Ата-аналар мен балақайлар «Бесікке салу», «Тұсау кесер» сынды дәстүрлерден қойылымдар қойды.