1995 жылы Тәжік-Ауған шекарасында болған қақтығысқа биыл 31 жыл толды. Таразда Қазақстан Республикасы егемендігінің алғашқы әскерінің ерлігі дәріптеліп, онда қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің рухтарына тағзым етілді.
5513 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеу барысында қаза болған сарбаздардың ерлігі паш етіліп, ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Еске салсақ, 1995 жылы 7 сәуірде Тәжік-Ауған шекарасындағы Пшихавр шатқалында ҚР Ішкі әскерлерінің жауынгерлері ерлікпен қаза тапты. Шекараны қорғауда жанын пида еткен батырларды еске алу, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға сарбаздардың ата-аналары, туыстары мен қаруластары жиналды. Мұндай гүл шоқтарын қою рәсімі Жеңіс саябағында да өтті. Еліміз үшін жан қиған жауынгерлердің ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Олардың отансүйгіштік рухты батырлығы — өскелең ұрпақ үшін нағыз қаһармандықтың үлгісі болып қала бермек.