Бүгін 500-ге жуық ойыншы ләңгі теуіп, секірмек секіріп, асық ату сынды дәстүрлі аула ойындарынан сынға түсті. Спорттық фестиваль 7- сәуір дүниежүзілік денсаулық күніне арналды.

Жарыс үш жас ерекшеліктерін қамтыды. 500 қатысушы ішінен 40-қа жуық ойыншы үздік шықты. Олар дүниежүзілік денсаулық күніне арналған «Есірткіге жол жоқ» атты ұранмен өткен спорттық фестивальде марапатталды. Жалпы командалар Тараз қаласы және он ауданнан арнайы келген.