Енді самокатқа да жүргізуші куәлігі қажет. Көктем бастала салып, елімізде электрсамокат маусымы қыза түседі. Алайда, биылдан бастап Қазақстанда қос дөңгелікті құрылғыны тізгіндеуге қатысты бірқатар жаңа өзгерістер орнатылды. Бұл талап 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді.

Мәселенің мәні мынада: жылдамдығы сағатына 25 шақырымнан асатын электросамокаттар мопедпен деңгейлес. Ал бұл — автоматты түрде жүргізуші куәлігі міндетті деген сөз. Яғни, бұрын еркін қолданылып келген кейбір қуатты самокаттар енді ресми талаптарға бағынуы тиіс. Ал Жалға беру компанияларына қойылатын талаптар: әр құрылғының нақты тұрған жерін бақылауы тиіс; жылдамдықты өлшейтін арнайы модуль орнатуы керек. Бұл нормаларды орындамаған жағдайда: 20 АЕК айыппұл салынады. Бұл ережені халық қалай қабылады.