Жамбылда биыл кешенді жоспарға сәйкес 9,8 мың гектар алқапқа 16,7 млн. дана көшет отырғызу көзделген. Бұл жұмыстарға 130,5 млн. теңге бөлінді. Бұдан бөлек «Таза Қазақстан» акциясы аясында жасыл желектерді цифрландыру жүйесін енгізу бойынша Жаңатас және Шу қалаларында жұмыстар кешеуілдеп тұр. Бұл туралы облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте айтылды.

Бүгінде облыста «Таза Қазақстан» акциясына 16,8 мың адам және 850-ден аса кәсіпорындар мен мекемелер қатысты.Іс-шаралар аясында 45,8 мың жасыл желектер отырғызылды.1,5 мың шақырым көше жолдары, 410 шақырым арық жүйелері мен каналдар тазартылды. Нәтижесінде 1,8 мың тонна күл-қоқыс шығарылды. Ал жасыл желектерді түгендеу, цифрландыру жұмыстары Тараз, Қаратау қалаларында іске асырылған. Арнайы дерекқорларды енгізетін taraz.botsad.kz сайты құрылды.