Таразда 9 және 11 сынып оқушылары арасында өткен рәспубликалық пән олимпиадасының жеңімпаздары маратталды. Оқушылар сарайында өткен жиынға жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан жеңімпаздар жиналды.

Елдің әр аймағынан жиналған 270 оқушы 4 күн бойы Қазақстан тарихы, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс сыныптарындағы қазақ тілі пәндері бойынша өзара бақ сынады. Сыннан сүрінбей өтіп, дарынды атанған оқушылар бүгін салтанатты түрде марапатталды.