Қазақстанда AI-Enabled University индустрия университеті ашылады. Бұл барлық бағытта жасанды интеллект технологиялары толыққанды енгізілген оқу орын болмақ. Білім ордасы алғашқы студенттері мен магистранттарын биыл қабылдауды жоспарлап отыр. Бұған дейін Президент іргелі ғылымсыз жасанды интеллектіні дамыту мүмкін емес, алгоритмдер мен күрделі инженерлік өнімдер, ең алдымен, дамыған ғылыми және университеттік ортада пайда болады. Сол себепті осы бағытқа айрықша көңіл бөлеміз деген еді. Айта кету керек, биыл Қазақстанның 95 университеті оқу жоспарына ЖИ-ге қатысты пәндерді енгізді. Сонымен қатар 30 жоғары оқу орны жасанды интеллект бағыты бойынша 42 білім беру бағдарламасын жүзеге асырып жатыр. Мамандардың айтуынша, 2030 жылға қарай ЖИ-дің әлемдік экономикаға қосатын үлесі 22 трлн доллардан асады деген болжам бар. Қазақстан да көштен қалмай келе жатыр, - дейді ғалымдар.