Азаматқа – айбат, қызға – көрік беретін ұлттық киімдерді барша халық кисе, жарасып кетері анық. Оны тек сандықта сақтап қою – өткенге тұсау, ал күнделікті өмірге енгізу санаға серпін, жүрекке жаңғыру. Ал оюмен өрнектелген дәстүрлі киімді күнделікті киеміз бе? Әлде тек мереке күндері ме?
Осылай қоғам пікірн тыңдайық деп көшеге шыққанда, тамашаға тап болдық. Жастар арасында дәстүр мен заманауи сәнді ұштастыруға деген қызығушылық артып келе жатқанына көз жетті. Бұл үрдіс ұлттық болмысқа деген құрметтің жаңаша сипат алуымен ерекшеленеді.