Ел Президенті Қасымжомарт Тоқаев үкіметке 2026 жылға дейін барлық елді-мекендерді таза сумен қамтамасыз ету қажеттігін тапсырған болатын. Жамбыл облысы бұл меже толық орындалды. Енді өңірде ескірген су құбырларын жаңалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мойынқұм ауылына 27 шақырымдық су магистралы тартылып, кемінде 50 жылға шыдас беретін полителенді құбырлар төселуде.
Мойынқұм ауылының тұрғындары үшін басты проблема ауыз су болып келген. 1989 жылы қолданысқа берілген жер асты су құбырлары әр жерден тесіліп, шіри бастағандықтан тұрғындар тіршілік нәрінің зардабын әбден-ақ тартты. Оларға осы кезге дейін тәулігіне үш мезгіл, екі сағаттан ғана таза су беріліп келген. Енді міне бұл мәселе де түпкілікті шешімін таппақшы. Қазына қоржынынан бөлінген 2,8 миллиард теңгеге ұзақ жылға шыдас беретін полителенді құбырлар төселіп жатыр.