Әскери борышын өтеген сарбаздар үйіне қайтты. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5-ші механикаландырылған бригадада сарбаздарды шығарып салу рәсімі өтті. Осылайша, өткен жылы көктмегі науқанда әскерге шақырылғандар мерзімді қызметтерін аяқтады.
Саптық алаңда бой түзеген сарбаздарға командирлер тарапынан алғыс айтылды. Бір жыл бойы жауынгерлік тапсырмаларды жауапкершілікпен орындап, қызметтерін адал атқарған сарбаздарға құрмет көрсетті.Оларға естелік сыйлықтар мен грамоталар табысталды.Запасқа шығарылған жауынгерлер ҰБТ тапсырмай-ақ жоғары оқу орындарына түсу құқығына ие болады.Құжаттары рәсімделгеннен кейін, үздік деп танылғандар белгілі болады.Олар мемелекеттік грант негізінде тегін білім алады.Салтанатты рәсімде сарбаздар бригаданың Жауынгерлік Туымен қоштасты.