Қазақстан көмірді тек қазып қана қоймай, жанармай шығаратын елге айналады. Қара алтыннан дизель өндіретін жобалар іске асуда. Қазір 2026–2030 жылдарға арналған көмір генерациясын дамытудың ұлттық жобасы қолға алынды. л Мемлекет басшының Ұлттық құрылтайда берген тапсырмасы. Осының аясында 8 жаңа электр станциясын салу және 11 станцияны жаңғырту жоспары бар.
Алматыда ең ірі жылу орталықтары көмірден газға көшірілуде. Бұл жай ғана жаңғырту емес, бұл — алматылықтардың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін өзгеріс. Қарапайым тілмен айтсақ, бұрын, көмір жағылды, түтін, ауа лас болды. Енді, газ қолданылады, түтін азайып, ауа тазарады. Тыныс алу жеңілдейді, халықтың денсаулығына оң әсерін тигізеді. Премьер-министр Олжас Бектенов «Самұрық-Энерго» басшылығына жұмысты созбай, белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.