Төле би атындағы №8 гимназияда оқушылар арасында алғаш рет қала көлемінде Біріккен ұлттар ұйымы моделі негізінде зияткерлік - рольдік ойын ұйымдастырылды. Бұл ойында қатысушылар өздерін әртүрлі елдердің дипломаты ретінде таныстырып, жаһандық мәселелерді талқылайды.
Мысалы: соғыс және қауіпсіздік, климаттың өзгеруі, адам құқықтары және экономика сияқты жаһандық мәселелер бар. Ойын барысында оқушылар комитеттерге бөлініп, түрлі мемлекеттердің өкілдері ретінде өз елдерінің мүддесін қорғап, келіссөздер жүргізеді, ортақ шешім қабылдайды. Бұл зияткерлік- рөлдік ойын бүгінде әлемдік деңгейде кеңінен танылып келеді. Ең алдымен, оқушылардың сыни ойлау қабілеті дамиды, өз ойын еркін әрі дәлелді жеткізуге үйренеді.