18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні. Осыған орай «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи мәдени музей қорығы мен Тараз университеті ТЕD -Х форматында жиын өткізді.
Жалпы ескерткіш дегеніміз – халқымыздың мәдени мұрасының жалпылама атауы. Ал, мұның астарына үңіліп, тарихына терең бойласаң сан ғасырлардан сыр шерткен құндылықтарымызды көруге болады. Ол үшін ғылыми зерттеулердің өзектілігін арттыру, ғалымдырдың идеяларын кеңінен насихаттау, ғылыми ойды қоғаммен байланыстыру арқылы иновациялық мәдениетті дамыту керек. Бүгінгі бас қосудың да көздегені осы.