АҚШ- көлігі әлдігімен, Жапон көлігі сәндігімен, неміс көлігі дәлдігімен мықты десек, соңғы уақытта отандық нарықты жаулап алған Қытай көлігі несімен ерекше. Елімізде 2025 жылы 234 мыңнан астам автокөлік сатылған болса, оның 40%-ға жуығы шығыстан келген көліктер екен.

Сарапшылар бұл құбылысты ұсыныстың кеңеюімен және баға саясатының өзгеруімен байланыстырады. Сатып алушылар үшін бұрын қолжетімсіз болып келген кейбір мүмкіндіктер енді орта сегменттен-ақ табылып отыр. Соның нәтижесінде таңдау ауқымы кеңейіп, автосалондардағы бәсеке күшейді. Ал бұл автокөліктер автомобиль айдайтын ағайынның көңілінен шығады ма? Пікірін тыңдадық.