Өңірде бірнеше күн бұрын ғана ауа температурасы +25, +26 градусқа жетіп, жұрт жаз ерте келді деп қуанған еді. Алайда кеше кештен бастап аспан бұлттанып, күн райы күрт салқындай бастады. Бұл қазақ ертеден сәуірдің ортасында қар жауып, дала борайтын «Бесқонақ» аталатын ұғымның белгісі ме? Аймақта боран болып, қыстық киімдерді қайта шығарамыз ба? Алдағы күндерге синоптиктер болжамы қандай?

Бүгін түнде облысытың батысы мен оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Таулы аймақтарда нөсер, бұршақ және қатты жел күтіледі. Жел екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Ал, 9 сәуір күні жаңбыр жауып, тұман түседі. Ауа температурасы түнде 8-17 градус, күндіз 15-23 градус жылы болады.