Енді құрылғыңызды толық қауіпсіз деп айту қиын.Қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстанда ТМД кеңістігінде бұрын болмаған деректерді ұрлау схемасын жүзеге асырған қылмыстық топты әшкереледі.Қорғаныс тетіктерін айналып өтетін әскери сипаттағы технологияларды қолданған олар әр сағат сайын жүз мыңға дейін жалған хабарлама жіберіп отырған.

Бұл алаяқтық схема өте шебер ұйымдастырылған.Қылмыскерлер «SMS-бластер» құрылғысын пайдаланып, ұялы оператордың станциясын қолдан жасап, ресми сигналды басып тастаған.Соның нәтижесінде жақын маңдағы смартфондар жалған желіге өздігінен қосылып отырған.Құрылғылар көліктерге жасырылып, базарлар мен ірі сауда орталықтары маңында жүрген. 300 метр аумақтағы адамдарға жалған хабарламалар жаппай таратылған.Олар белгілі компаниялардан келгендей көрініп, тиімді бонус ұсынған. Алайда бұл фишингтік тұзақ болған. Адамдар карта деректерін енгізген сәтте, олардың қаражаты алаяқтардың қолына өткен.Мемлекеттік органдар мен байланыс мамандарының бірлескен жұмысы арқасында топ дер кезінде ұсталды. Қазір бірнеше адам қамауда, тергеу жалғасуда. Есіңізде болсын: ешқашан SMS арқылы жеке деректеріңізді жібермеңіз, барлық ұсынысты тек ресми қосымшалар арқылы тексеріңіз.