Еліміздегі 150-ден астам ұйымның топ-менеджерлері жасанды инттелект бойынша білім алып жатыр. Оларға Stanford University HAI профессорлары мен OpenAI Academy сарапшылары дәріс өткізуде. Бұл - академиялық тәжірибе мен практикалық қолдануды ұштастырған, Орталық Еуразия өңірі үшін жасалған жасанды интеллект саласындағы көшбасшыларды даярлайтын ең ірі корпоративтік бағдарлама. Курс аяқталғаннан кейін қатысушылар Stanford University HAI ресми сертификатын алады және Орталық Еуразиядағы ең ірі ЖИ-қауымдастығының мүшесіне айналады.