Бүгін Тараздағы №63 орта мектепте ақын, сатирик, «JAMBYL» радиосының аға редакторы Бақытжан Советұлының жас оқырмандармен кездесу кеші өтті. Ақынның 60 жас мерейтойы қарсаңында арнайы ұйымдастырылған жиынға белгілі қаламгерлер қатысып, оның шығармашылық өнері мен жастарға арналған кітаптары жайында сөз қозғады.
Қоянның құлағы неге ұзын, құйрығы неге қысқа» «Хайп пен Лайк» осындай мағынасы жұмбақ тақырыптарды суреттейтін сатирик Бақытжан Советұлының бүгін жас оқырмандармен кездесуі ерекше өтті. Себебі бұл жолы ақынның кітаптарын сүйіп оқитын, оның шығармаларын бойына сіңірген мектеп оқушылары жиналды. Іс-шара «Балаларға күлкі мен ой сыйлаған қаламгер» тақырыбын арқау етіп, мазмұнды сұхбатқа ұласты. Кездесу барысында автор сатира жанрының қыр-сырын түсіндіріп, шығармаларының жазылу тарихымен бөлісті.