Қазіргі таңда еліміздің түкпір-түкпірінде Кеңес әскерлерінің соңғы легі Ауғанстан жерінен шығарылған күн еске алынуда. Бұл маңызды дата Таразда да назардан тыс қалған жоқ. Ауғанстаннан кеңес әскерлерінің шығарылғанына 37 жыл толуына орай ауған соғысы жауынгерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылып, ерлікпен қаза тапқан сарбаздар бір минут үнсіздікпен еске алынды.

Іс-шараға Тараз қаласында тұратын ауған соғысының ардагерлері, қалалық әкімдік пен жергілікті әскери басқару органдарының өкілдері, сондай-ақ «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери оркестрінің музыканттары қатысты. Жиналғандар Ауған соғысында интернационалдық борышын өтеген барлық жауынгерлерді құрметпен еске алып, қаза тапқан батырларды бір минут үнсіздікпен еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.