Таразда қоян - қолтық ұрыстан Респуликалық жеке-командалық чемпионат өтті. Спорттық шара Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Арман Ахашовты еске алуға арналды.

130-ға жуық спортшы қатысқан турнир Таразда Республикалық деңгейде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Қатысушылар қоян-қолтық ұрыс арқылы батылдықтарын, шапшаңдықтарын және физикалық дайындықтарын көрсетті.