Достық үйінде «Қытай мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің «Қытай өнеріндегі мөр, кескіндеме және каллиграфия» атты көрмесі өтті. Келушілер қытайдың көне мөр басу өнері мен нәзік қылқалам сырларына қанығып қана қоймай, ұлттық қолөнер мен терең тарихтан сыр шертетін ерекше бұйымдарды тамашалады.

Достық үйінде өткен мәдени кеш шығыс нақышымен өрнектелді. Әсем әуен, ұлттық тағамдар және жаңа жыл қарсаңындағы дәстүрлі рәсімдер шараның шырайын кіргізді. Келушілер қытай мәдениетінің бай мұрасымен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды. Мәдени кеш достық пен ынтымақтастықтың жарқын көрінісіне айналды.