Бүгін көне шаһардың төл басылымы «Жамбыл -Тараз» газетіне – 30 жыл. 1996 жылы 16 ақпанда газеттің алғашқы саны жарық көрді.Содан бері көзі қарақты оқырман үшін түрлі жаңалықтарды жұртшылыққа жеткізіп жүрген, ақпарат айдынында өзіндік орны бар бірден-бір басылымға айналды.
1996 жылы 16 ақпанда алғашқы нөмірі шыққан қалалық басылым 30 жылдық белеске аяқ басты. Ел егемендігінен кейін еңсесін тіктеп, болашаққа нық қадам басқан газетке ең алғаш сол кездегі Тараз қаласының әкімі Болат Жылқышиев қолдау көрсеткен. Бастапқыда демеушілердің қолдауымен жарық көрген қалалық газет 3 мың оқырманнан бастап, 22 мың оқырманға дейін тарай бастайды. 2021 жылға дейін газет қала шеңберінде таратылып келсе, соңғы бес жылдың бедерінде шалғайдағы ауыл тұрғындарына да жетті. Нәтижесінде таралымы 10 мың данадан асты.