Рамазан айы қарсаңында Меркі ауданының Жеміс жидек ауылында жаңа мешіт жамағатқа есігін айқара ашты. «Софья ана» деп аталған Алла үйінің құрылысы осыдан екі жыл бұрын басталып, жергілікті тұрғындар мен ауылдан шыққан кәсіпкер азаматтардың қолдауы арқасында салынып отыр. Мешіттің ашылу рәсіміне ауыл халқы да көп жиналды.

Меркі ауданындағы шағын ғана Жеміс жидек ауылына жаңа мешіттің керектігі жөнінде халық бұрыннан айтып жүрген. Міне, осы тілек рамазан айында жүзеге асып, 200 адамға арналған Алла үйі қолданысқа берілді. Мұнда келушілер сыртта да құлшылық ете алады. Ол үшін арнайы алаң шатырмен жабдықталған.