Соңғы уақытта кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында түрлі қылмыстардың саны артқан. Мамандар осылай деп дабыл қағуда. Жастар арасында құқық бұзушылықты алдын- алу мақсатында Жамбыл облысының прокуратурасының бастамасымен сотталғандар, жоғары сынып оқушылары мен студенттердің қатысуымен «телекөпір» ұйымдастырылды.
Іс-шара «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде өтті.Жиынға 300-ден астам мектеп оқушылары мен студенттер, Жамбыл облыстық полиция департаменті, адам құқықтары жөніндегі өкіл қатысты. Мұнда қатысушыларға қылмыстың зардаптары жан-жақты айтып түсіндірілді.