Негізгі Жаңалықтар Өңірлік коалиция құрылды

Өңірлік коалиция құрылды

Жамбыл облысында Жаңа Конституцияны қолдау жөніндегі өңірлік коалиция құрылды.Облыстық коалиция 53 мүшеден тұрады.Бүгін коалицияның алғашқы отырысы өтіп, жұмыс жоспары таныстырылды.

Коалиция құрамында аймақтағы 5 жетекші саяси партияның төрағалары мен өкілдері, Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы,Қазақстанның Азаматтық Альянсы, Жастар Ассамблеясы,ҚР Кәсіподақтар федерациясы, заңгерлер қауымы мен ардагерлер ұйымы бар. Алдағы уақытта коалиция мүшелері облыста ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын бастайды. Референдум қарсаңында еңбек ұжымдарымен, сарапшылар қауымымен және халықпен кездесулер өткізеді. Түсіндіру жұмыстары шалғай елдімекендерді де қамтиды. Айта кетейік, саяси науқанға орай өңірде 12 штаб жұмыс істейтін болады.

Бөлісу