Ұлы Отан соғысының ардагері Шалданбай Шанбаев 102 жасқа толды. Ғасыр жасаған ардагерді мерейлі жасымен әскерилер құттықтап, құрмет көрсетті.
03811 әскери бөлімінің командирі Алмаз Қабиев ҚР Қорғаныс министрінің құттықтауын және барша әскерилердің тілектерін жеткізді. Шалданбай Шанбаев 1924 жылы Тұрар Рысқұлов ауданы, Жаңатұрмыс ауылында дүниеге келген. Ол 1942 жылы майданға аттанып, 227-полк құрамында жеңіске жеткен. Ол II дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» орденімен, «Маршал Жуков» медалімен және мерейтойлық медальдармен марапатталған. Жылы жүздесуде қонақтар ардагердің соғыс жылдары мен бейбіт кезеңдегі өмірі туралы әңгімесін ерекше ықыласпен тыңдады. Айта кетейік, Жамбыл облысында қазір тек үш Ұлы Отан соғысы қатысушысы қалған, Шалданбай Шанбаев олардың ең егдесі. Кездесу соңында ақсакал бата беріп әскери қызметшілердің рухын көтерді.