15 ақпан Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 37 жыл толады. Осы датаға орай «Ұрпаққа бүгін аманат» тақырыбымен облыстық кітапханада кездесу өтті.

Әдеби –патриоттық кешке Ауған соғысының ардагерлері, әскери қызметкерлер, студенттер мен кітапхана қызметкерлері қатысты. Жиында ардагерлер соғыс жылдарындағы естеліктермен бөлісіп, жастарға елге адал қызмет ету және бейбітшілікті сақтау жөніндегі аманаттарын жеткізді.

Сондай-ақ, Ауған соғысына арналған бейнематериалдар көрсетіліп, осы тақырыптағы әдебиеттер ұсынылған кітап көрмесіне шолу жасалды. Кітапхана қызметкерлері патриоттық музыкалық композицияларды орындап, кештің мазмұнын тереңдете түсті.