Аймақта ұстаздар бақ сынасты. Сенбі күні «Ой-сандық» оқу және математикалық сауаттылықтан зияткерлік байқауының облыстық кезеңі өтті.

Аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен қазақ тілі және әдебиеті, математика пәні мұғалімдері қатысқан іс-шараға жалпы 200-ге жуық педагог жиналды. Қатысушылар «Zerdeli App» платформасы арқылы жұптық, топтық сайыстарда кіріктірілген тапсырмаларды орындап, өзара тәжірибе алмасты.