Жамбыл ауданында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» республикалық коалициясының мүшелері еңбек ұжымдарымен және жастармен кездесті. Басты мақсат – Жаңа Ата Заңның жобасының мазмұнын түсіндіріп, алдағы республикалық референдумның маңызын кеңінен таныстыру.

Коалиция мүшелері алдымен «Амангелді газ өңдеу зауыты» ЖШС ұжымымен кездесіп, өндіріс қызметкерлерінің пікірлерін тыңдады. Кейін мәдениет және архив саласының мамандарымен, ауыл жастары өкілдерімен ашық диалог өрбіді. Қатысушылар егемендік, аумақтық тұтастық және мемлекеттік шекара мәселелерінің Конституция жобасында айқын көрініс тапқанын атап өтті.