Жамбыл облыстық ветеринарлық қызметі былтыр салада жасалған жұмыстарды қорытындылады. Нақтылы кезеңде облыстың ветеринарлары төрт миллионнан астам мал басын бақылауда ұстайды. Үй жануарларының сау болуы үшін әр мал басын цифрландырудан бастап ветеринарлық клиникаларды ауқымды жөндеуге дейінгі шаруаларды атқарып келеді.

Өткен жылы өңірде 1,5 миллионға жуық төл бірдейлендірілді. 2026 жылға арналған жоспар тағы 1,3 млн бас. Биыл 2,3 млн. дана сырға сатып алу үшін 266 млн. теңге бөлінген. Бір жыл ішінде мамандар 16,5 миллион вакцинация және 5 миллионнан астам диагностикалық сынақтар жасады. Бұл олардың эпизоотиялық жағдайды толық бақылауда ұстауына мүмкіндік беріп отыр.