«Экология IQ: Жасыл келешек үшін».Таразда жасөспірімдер мен жастар зияткерлік ойында бақ сынады. Жекелей сында жастар жедел сұрақтарға жауап беріп, экологиялық кейстерді шешіп, визуалды тапсырмалар арқылы қоршаған ортаны қорғау бойынша білімдерін тексерді.

Айта кетсек, аймақта тұрғындардың тазалық жөнінде жергілікті атқарушы органдарға «Таза Қазақстан» акциясының ақпараттық сервисі арқылы телеграмм-ботпен өтінім беруге мүмкіндігі бар. Жыл басынан бері платформа арқылы 34 өтінім түскен. 2030 жылға дейін экологиялық мәдениетті дамытудың өңірлік жоспары аясында халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, энергия мен суды үнемді пайдалану, қоршаған ортаны қорғау және жасыл желектерді отырғызу бағытында 47 маңызды іс-шара жоспарланған. Ал биыл 33 іс-шара іске асырылады. Сондай-ақ, аудандарда да жастардың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған бірқатар интеллектуалды іс-шаралар ұйымдастырылды, дейді мамандар.