Тараз қаласындағы гарнизондық офицерлер үйінде «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери қызметшілердің балалары арасында шахмат турнирі өтті. Тартысты өткен бәсекелерде жеңімпаздар анықталып, оларға сый – сыйапат табысталды.
Турнирдің мақсаты – балалардың логикалық және стратегиялық ойлау қабілеттерін дамыту және шахматты спорт түрі ретінде кеңінен насихаттау. Жарыста жасы бес пен он бес аралығындағы әскери қызметшілердің балалары жиналды. Барлығы да жеңіске деген жігермен келді. Қатысушылар тек жеке біріншілік үшін ғана емес, ата-аналары қызмет ететін әскери бөлімнің намысын қорғау үшін де бақ сынасты. Әр партия шиеленісті әрі ымырасыз күрес жағдайында өтті.