Мойынқұм ауданы Шығанақ ауылдық округінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде өнімдер нарықтағы орташа бағадан едәуір төмен, жеңілдетілген бағамен халыққа ұсынылды.

Жәрмеңкеде жергілікті шаруа қожалықтарының табиғи әрі сапалы өнімдері сатылымға шығарылды. Жаңа сойылған қой және сиыр еті, жұмыртқа, сүт, айран, қаймақ, сүзбе сынды түрлі сүт өнімдері тұрғындарға тиімді бағамен ұсынылды. Әсіресе көпбалалы және әлеуметтік осал топтағы отбасылар үшін бұл бастама үлкен көмек болды.