Қызылорда, Шымкент және Тараз қалаларының оқушылары кіл мықтылар арасынан, кім мықтыны анықтады. Демалыс күндері өткен дәстүрлі зияткерлік олимпиадаға 300-ге жуық үміткер қатысты. 3, 4 және 5 сынып оқушылары бақ сынаған білім бәйгесінде қай өңір алға шықты? Олимпиада неше кезеңнен тұрды?
«Зерделі» орталықтары мен мектептердің олимпиадалық топтарында шыңдалған жас дарындар Тараздағы зияткерлік алаңда бас қосты. Білім бәсекесі блиц, дуэль және жекелей кезеңдерден тұрды. Онда қатысушылардың шапшаңдығы мен логикасы, командалық үйлесімі жан-жақты сыналды.