Ширек ғасырдан астам уақыт бойы бұқараны жедел әрі шынайы ақпаратпен қамтамасыз етіп келе жатқан басылымның 30 жылдығы мазмұнды жүздесуге ұласты. Кездесуге ардагер-журналистер мен жас тілшілер қатысып, баспасөздің өткені мен бүгіні, болашағы жайында ой бөлісті. Тәжірибелі қаламгерлер өздерінің еңбек жолындағы қызықты сәттерін еске алып, жас буынға кәсіби бағыт-бағдар берді.
Осыдан 30 жыл бұрын, дәл осы күні «Жамбыл–Тараз» газетінің алғашқы саны жарық көріп, қалың оқырманға жол тартты. Үш онжылдық бойы өз оқырманының назарын жоғалтпай, мәнді мақала, мағыналы сөз, салмақты ойдың өресіне шыға білген басылым талай жас журналист үшін нағыз шығармашылық ұстаханаға айналды.