Жамбыл облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасына қарасты мекеме қызметкерлеріне Конституциялық реформаны түсіндіру бойынша жиын өтті. Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемовтың төрағалығымен өткен басқосуда Ата Заңға енгізілген өзгерістердің маңызы түсіндіріліп, олардың елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету тетіктері талқыланды.
2026 жылғы 21 қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен 130 адамнан тұратын Конституциялық комиссия құрылды. Оның құрамына Жамбыл облыстық мәслихатының төрағасы Абдалы Тоқбергенұлы Нұралиевтің енгізілуі – өңіріміз үшін үлкен жауапкершілік пен сенім.