Жуалы ауданындағы Күйік асуында аяғы ауыр, көпбалалы ана Оксана Шевчук тізгіндеген ауыр жүк көлігі қарға батып, қозғала алмай қалған. Полиция қызметкерлері әйелге дер кезінде көмек көрсетіп, жылыту пунктіне жеткізді. Қатты қар мен боран Жамбыл облысындағы жол жағдайын қиындатты. Трассаларда шамамен 2200 көлік, соның ішінде жүк көліктері де жиналып қалды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 400-ге жуық полиция қызметкері тәулік бойы жұмыс істеп, жүргізушілерге көмек көрсетуде. Тәртіп сақшылары жүргізушілерді ауа райын ескеріп, алыс жолға шықпауды ескертеді.