Болашақ туралы диалог. Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің қабырғасында Қазақстанның Жаңа Конституциясы жобасының негізгі ережелерін түсіндіруге арналған кездесу өтті. Жиында елдің негізгі заңына ұсынылып отырған өзгерістер туралы жастармен және академиялық қауымдастық арасында ашық диалог жүргізілді.
Жаңа Конституция жобасы заманауи сын-қатерлерді ескере отырып әзірленген және әділеттілік, заң үстемдігі мен мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілігі қағидаттарын одан әрі нығайтуға бағытталған. Кездесу барысында спикерлер азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының мәртебесін арттыру мәселесіне жан-жақты тоқталды. Конституцияны жаңарту — бұл жай ғана құқықтық рәсім емес, мемлекеттік басқарудың неғұрлым ашық әрі есеп беретін жүйесін қалыптастыруға бағытталған стратегиялық қадам.