«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері Қордай ауданына жұмыс сапарымен келді. Аудан тұрғындарымен және еңбек ұжымдарымен кездесу өткізді.
Мәдениет үйінде жергілікті халықпен кездескен республикалық штаб мүшелері халықтық Конституцияның басты ерекшелігіне тоқталып, бұл құжат елдің болашағын айқындайтын тарихи шешім екенін атап өтті. Сондай ақ әділетті қоғам қалыптастыру жолындағы конституциялық өзгерістердің маңызын кеңінен түсіндірді.