Өңірдің өнер ұжымдары Қазақстан Республикасы Конституциясының жобасын қолдайды. Демалыс күндері белгілі әншілер мен сахна шеберлері патриоттық рухта ән шырқап, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Ашық форматта өткен кешті қала тұрғындары мен қонақтары тамашалады. Көрермендер өнерпаздармен бірге ән шырқап, би билеп, әсерлі кештің куәсі болды.