Халыққа мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы жақсы болуы тиіс. Егер сізге көрсетілген қызмет ұнамаса, Telegram мобильді қосымшасында шағым білдіре аласыз. Ал барлық келіп түскен шағымдар мен ұсыныстарды жауапты тұлғалар қарастырып, кері байланысты қамтамасыз ету арқылы мәселелерді қысқа мерзімде шешеді.
2024 жылдан бастап Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасымен мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын жақсарту мақсатында шағым білдірудің жаңа тетіктерін қарастырған. Яғни,олармен кері байланыс орнату мақсатында арнайы қосымша іске қосылды. Аталған платформада қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіне баға беріп шағым жасай алады.