Тараз қаласында тағы бір «Жас сақшы» полицей сыныбы ашылды. Абай атындағы мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушылары қабылданып, ант қабылдады. Сыныпқа 2011 жылы Таразда лаңкестік оқиға орын алған кезде қаза тапқан полицейлер Полат Аянқұлов пен Жақсыбек Байсейтовтың есімдері берілді.
Салтанатты рәсімде барлық құқық қорғау қызметкерлері мен оқушылар сап түзеді. «Жас сақшы» сыныбына мектептен 24 оқушы салтанатты түрде ант қабылдап, арнайы куәліктер табыс етілді. Кинолог мамандар мен жоғары сынып оқушылары жауынгерлік дағдылар бойынша оқу-жаттығуларды көпшілікке ұсынды.