Жамбыл облысында 159 мыңнан астам тұрғын сақтандырылмағандардың санатында. Бұл – жалпы халықтың 13,6 пайызы деген сөз. Қауіпті дерттің қатарына жататын қант диабетімен есепте тұратын адамдардың 800-ге жуығы медициналық сақтандырумен қамтылмаған.

Сондай-ақ, берілген ақпараттардан шындыққа жанаспайтын, жалған мәліметтердің де бар екені анықталып отыр. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы МӘМС бойынша біршама мәселелерді жайып салды. Онсыз да қызмет сапасына жұртшылықтың көңілі тола бермейтін салада жұмысты күшейту үшін облыс әкімі Ербол Қарашөкеев жауаптыларға тиісті тапсырмалар жүктеді.