Шу ауданындағы М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде «Ардың жүгін арқалау – Алаш аманаты» атты әдеби-сазды кеш өтті. Онда алаш қозғалысы қайраткерлерінің ел үшін атқарған еңбектері көрніс арқылы сахналанды.

Шараның мақсаты – жас ұрпаққа Алаш мұрасын насихаттап, отансүйгіштік рухты қалыптастыру. Осы кеш арқылы Алаш арыстарының елдік мұрасын, рухани-адамгершілік құндылықтарын жас ұрпақ санасына сіңіру тарихи жадыны жаңғырта отырып, оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу.