Отбасын қолдауға қатысты әлеуметтік жобалардың қоғамға тигізер оң ықпалы болғаны абзал. Қомақты қаражат бөлінетін кейбір іс-шаралардың нәтижесі аз болып отыр. Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов арнайы комиссия отырысында осындай мәселені айтты. Алдағы уақытта саннан гөрі сапаға мән беру керек, деді төраға.