Жастардың бойында құқықтық мәдениетті қалыптастыру – қоғамның қауіпсіздігі мен тұрақтылығының кепілі. Сондықтан аға буын тарапынан жүргізілетін тәрбие жұмыстары жастардың заң алдындағы жауапкершілігін арттырып, оларды саналы азамат етіп тәрбиелеуге сеп болары сөзсіз. Осы орайда, Мойынқұм ауданында «Заң және тәртіп» қағидаты аясында жастармен құқық бұзушылықтың алдын алу тақырыбында түсіндіру кездесуі өтті.