Мейірімділік, қайырымдылық, темірдей тәртіп. Отан қорғау ер азаматтың ісі болса да, бұл міндетті қыз-келіншектер де қатар атқарып жүр. Олар нәзік жаратылысына қарамастан, қоғамның дамуына ат салысуда.
Қос иығына погон тағып, ерлермен бірдей ел тыныштығын қамтамасыз етіп жүрген нәзікжандылар Тараз авиациялық шекаралық бақылау бөлімшесінде қызмет атқарып келеді. Нардың жүгін арқалап жүрген қыз-келіншектер отбасында үй шаруасымен, жұмыста жауынгерлік міндетін абыроймен атқарып көпке үлгі болып отыр.