8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай іс шаралар легі жалғасуда. Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы мектептерге барып «Ардақты әже, аяулы ана, ару қыз» атты мерекелік кеш ұйымдастыруда. Кезекті іс шараға ұстаздар, оқушылар, ата аналар тартылды. Бірлесе өткізген басқосу жылы лебіз бен көтеріңкі көңіл күйге толы болды.

Ару аналармен келген қонақтарды «Күншуақ» домбыра үйірмесі күйлерін күмбірлете қарсы алды. . Домбыраның қоңыр үні мерекелік кештің сәнін келтіріп, ұлттық өнердің әсемдігін тағы бір мәрте танытты.