«Конституциялық реформа: ел тағдырын бірге анықтау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиында еліміздегі конституциялық реформалардың маңызы түсіндіріліп, құқықтық мәдениетті қалыптастыру бағыты талқыланды.
«Ежелгі тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи- мәдени қорығы ұйымдастырған іс-шараға қоғам белсенділері, жастар ұйымдарының мүшелері, сарапшылар мен тарихшылар қатысты. Кездесу барысында мемлекеттік басқару жүйесіндегі өзгерістер, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктері, қоғам мен мемлекет арасындағы жауапкершілікті нығайту мәселелері кеңінен сөз болды.