8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында біз, жұмысы жоғары жауапкершілікті, төзімділікті және жедел әрекет етуді талап ететін нәзікжандылар жайында айтуды жөн көрдік. Олар шұғыл қоңырауларға бірінші болып жауап береді. Жедел қызметтерді үйлестіреді және адамдарға ең қиын сәттерде көмекке келеді.
Құтқару саласында жүздеген қыз келіншектер еңбек етеді. Солардың бірі Жүзім Боздаева. Ол аса жауапкершілік пен сақтықты талап ететін салада 10 жылдан бері еңбек етіп келеді.